×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Активтерді қайтару туралы заң: Назарбаев отбасының шетелдегі мүліктері ізделе ме

29.06.2023, 13:07
ria.ru

Назарбаев отбасының мүшелері де қудалануы мүмкін бе? Журналистер бүгін Сенат қабылдаған “Заңсыз иемделген активтерді қайтару туралы” заң бойынша осы сұрақты Бас прокурордың орынбасары Ұлан Байжановқа қойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Байжановқа қойылған сауалға нақты «иә» немесе «жоқ» деп жауап бермеді.

«Қазір персоналды тұрғыда бірдеңе дегім келмейді. Тағы да айтайын: заңда субъектілердің нақты талаптары айқындалған. Егер сіздер атаған осы фамилия (Назарбаев), сол отбасының мүшелері сол талаптарға кірсе, сөзсіз оларға да заң қолданылады», – дейді Бас прокурордың орынбасары.

Оның айтуынша, бұған дейін Қайрат Сатыбалды мен Қайрат Боранбаевтың үстінен іс қозғалған. Сол істің шеңберінде елге заңсыз шығарылған активтер қайтарылған.

Айта кетейік, Сенат депутаттары бүгін "Заңсыз иемделген активтерді мемлекетке қайтару туралы" заңды мақұлдады. Заңның негізгі мақсаты – Қазақстан аумағында да, одан тыс жерлерде де заңсыз иемденілген активтерді қайтару үшін заңнамалық параметрлерді айқындау, сондай-ақ оларды заңсыз иемденуге және шығаруға ықпал еткен жағдайларды жою.

Бұдан бұрын депутат Абзал Құспан елге қаншама миллиардтар қайтарылғаны туралы айтылғанымен, осы күнге дейін бірде-бір фамилияның аталмауына қатысты пікір білдірген.

Серіктес жаңалықтары