×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

"Вагнер" енді Украинадағы соғысқа қатыспайды

29.06.2023, 18:02
Коллаж: Ulysmedia.kz

Ресей Мемлекеттік Думасының қорғаныс жөніндегі комитетінің басшысы Андрей Картаполов Евгений Пригожиннің әскери көтерілісті бастау себептері туралы айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оның айтуынша, көтеріліске бірнеше күн қалғанда Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі жауынгерлік тапсырмаларды орындайтын барлық құрылымдар келісімшартқа қол қоюы керегін мәлімдеген.

Ол мұның дұрыс шешім екенін айтты.

"Пригожин мырзадан басқасының бәрі. Содан кейін оған "Вагнер" арнайы әскери операцияға қатыспайтыны туралы хабарланды. Яғни, қаржыландыру, материалдық қаражат бөлінбейді. Ал Пригожин мырза үшін  бұл маңызды, тіпті басты нәрсе болды деуге болады. Көтерілістің себебі – ақша, ақымақ және шектен тыс амбиция  болды", - деді Картаполов.

Еске салайық, 24 маусымға қараған түні “Вагнер” ЖӘК басшысы Евгений Пригожин Ресей қорғаныс министрлігін соққы берді деп айыптап, қарулы қақтығыс басталғанын мәлімдеген. Ол науқанның мақсатын «Ресей Қорғаныс министрлігінің басшылығын жауапқа тарту» деп атады. ЖӘК басшысы «Президенттік билік, үкімет, Ішкі істер министрлігі және басқа да құрылымдар Қазақстандағы жұмысты жалғастырады» деп сендірді. 

Путин Пригожинді «сатқындық жасады» деп айыптап, бүлікті басуға бұйрық бергенін мәлімдеді.

Путиннің мәлімдемесіне берген жауабында “Вагнер” Ресейде жаңа жуырда жаңа президент болатынын айтты.

Көп ұзамай Ресейлік ФСБ «Вагнер» ЖӘК басшысы Евгений Пригожинге қатысты қылмыстық іс қозғады.

Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігі әскери-саяси жағдайдың шиеленісуіне байланысты Қазақстан азаматтарына үндеу жолдады. Қазақстандықтардан жақын арада Украинамен шекаралас Ресей территорияларына бармауды сұрады.

Алайда Пригожин райынан тез қайтты. Оны қарулы қақтығысты тоқтатуға үгіттеген – Беларусь президенті Александр Лукашенко. Бұл туралы РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді. Ол Пригожинге қарсы қылмыстық іс тоқтатылатынын, оның Беларуське кететінін жеткізді.

25 маусымға қараған түні  «Вагнер» жауынгерлері  Дондағы Ростовтағы Оңтүстік әскери округінің штаб-пәтері маңындағы аумақты тастап кеткені мәлім болды.

Бүліктен кейінгі халыққа жолдауында Ресей президенті Владимир Путин "Вагнер" жалдамалыларына екі жол ұсынды.

Серіктес жаңалықтары