×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

8 облыс инженерлік желі тартуға бөлінген 24 млн теңгені жоғалтып жіберген

30.06.2023, 11:47
фото: ашық дереккөзден

Бұл туралы Мәжіліс депутаты Бақытбек Базарбек мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Кеше Бас прокуратураға инженерлік желі тартуға арналған 24 млрд теңгенің жоғалуына байланысты 8 облыс әкімдігі бойынша арыз жібердім. Бұл ақша қайда? Ал адамдар жер учаскесін күтіп отыр», - деді депутат.

Бақытжан Базарбектің дерегінше, аталған сома Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Түркістан, Қостанай, Ақмола, Жетісу және Жамбыл облыстарында жоғалған.

«2021 жылы 8 облысқа 51 млрд теңге, біреуіне 5 млрд, енді біріне 8 млрд теңге бөлінген. Оның 48 млрд теңгесі игерілген. Осы 48 млрд теңгенің 24 млрд теңгесіне жұмыстар орындалған. Ал 24 млрд теңгеге ешкім есеп бермеген. Ал инженерлік желілер қайда? Мұның үстіне 2023 жылға 61 млрд, 2024 жылға 54 млрд теңге бөлінеді. 2021 жылы бөлінген қаражатқа не болғанын білмей тұрып қалай ақша бөлеміз? Бұл республикалық бюджеттің қаражаты ғой. Шынын айтқанда, мұны Анткор да білмейді. Кеше арызымды Бас прокуратураға табыстадым. Олар Антикорға береді деп үміттенемін», - деді мәжілісмен.

Айта кетейік, бұдан бұрын Бақытжан Базарбек депутат болғалы үкімет мүшелеріне бес рет депутаттық сауал жолдап, сол сауалдардың екеуіне жауап алғанын мәлімдеген. Алайда мәжілісменнің екі жауапқа да көңілі толмайды.

Сондай-ақ, жуырда мәжілісмен елімізде жер иелері туралы ақпараты қоғам үшін ашылмайтынына наразылық білдірген.

Серіктес жаңалықтары