×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Жанкүйерлер «Қазақстан барысы» турниріне тегін кіре алады

30.06.2023, 13:34

2 шілде күні Астана  күніне орай өткізіліп жатқан «Қазақстан барысы – 2023» республикалық турниріне кіру билеті тегін болады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

30 маусым күні Барыс Арена спорт кешенінде «Қазақстан барысы – 2023» республикалық турнирі алдындағы өткен баспасөз отырысында Қазақ күресі асаоциацианың төрешілер алқасының төрағасы, Қазақстан Барысы жобасының бас төрешісі Пазылбек Қайрат Серқұлұлы, «Qazaqstan Barysy» қазақ күресін қолдау және дамыту қорының ресми өкілі Диас Ахметшәріп және «Қазақстан Барысы» турнирінің 2022 жылғы жеңімпазы – Мақсат Исағабылов БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап беріп, алда болатын турнир туралы айтты. 

«Сайыста республиканың түкпір-түкпірінен іріктелген 41 палуан бақ сынасады. Әр өңірден абсолютті салмақ дәрежесіндегі екі спортшыдан өнер көрсетеді. Жеңімпаздарға бөлінген сыйлық құны –  40 млн теңге. Бірінші орынды иеленген палуанға 25 млн теңге беріледі.  Республикалық турнир ұлттық спорт түрі – қазақ күресін дамыту мақсатында өткізіліп келеді. Бұдан бөлек жастарды спортқа тарту және ұлттық дәстүрлерді сақтау идеясын алға тартып отыр. Мақсатымыз – қазақ күресін халықаралық деңгейге шығарып, «Қазақстан Барысын» 2032 жылғы Олимпиада бағдарламасына қосу»,-деді Қордың ресми өкілі Диас Ахметшәріп. 

Турнирдің Бас төрешісі Пазылбек Қайрат Серікқұлұлының айтуынша, биылғы турнир спортшылар санының көп болуымен ерекше. 

«Қазақстан Барысы биылғы жыл өзге жылдардан өзгеше, биыл 45 спортшы қатысты. Облыстардан 33 палуан, үш ірі қаладан 6 палуан қатысады. БҚО-дан тәртіп бұзғаны үшін екі палуан шеттетілді. Іріктеу кезінде екі айналымнан өте алмаған екі палуан, құжаттарын ала салып басқа облыс атынан шықпақшы болған. Сол себепті оларды биылғы ойыннан шектедік. Сайыста 8 төреші төрелік етеді. Ауданнан облысқа, облыстан республикаға іріктеліп өткен ең үздік палуандарымызға сәттілік!», - деді бас төреші. 

Биылғы сайысқа «Қазақстан Барысы» турнирінің 2022 жылғы жеңімпазы – Мақсат Исағабылов тағы да қатысып, бақ сынағалы отыр.

«Биылда дүбірлі додада өз бағымды сынауға келдім, жеңіске жетемін деген ойдамын. Дайындық жаман емес. Қарсылас палуанның барлығы осал емес, әрқайсысы өз облыстарынан іріктеліп шыққан кіл мықтылар. Кімнің бабы, кімнің бағы жанатынын алда көрерсіздер»,- деп қысқа ғана қайырды ол.

1-шілде күні кешкі сағат 19:00-де «Хан шатыр» ойын-сауық орталығында салмақ өлшеу және жеребе тарту рәсімі өтеді. Сондай –ақ, жанкүйерлерге арнайы ұтыс ретінде 5 IPHONE 14 телефоны ойнатылады. Республикалық турнир 2-шілде, жексенбі, сағат 12:00-де «Барыс Арена» спорт кешенінде басталады. 

Айта кететіні, іс-шара ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің, Астана қалалық әкімдігінің және «Qazaq kuresi» ассоциациясы мен «Qazaqstan Barysy» қазақ күресін қолдау және дамыту қорының қолдауымен өтеді. Турнирдің бас серіктесі – «Қазақтелеком» АҚ.

Серіктес жаңалықтары