×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

"Каспийден итбалық өлекселері табылды": министрлік ақпаратқа түсініктеме берді

01.07.2023, 08:03
фото: экология министрлігі

Бірер күн бұрын Ақтау қаласындағы Каспий теңізі жағасындағы демалыс орнынан 2 өлі итбалық табылғаны туралы ақпарат тараған болатын. Экология және табиғи ресурстар министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Өзара іс-қимыл схемасына сәйкес, табиғат қорғау прокуратурасы, мамандандырылған ғылыми ұйымдардың өкілдері, Каспий итбалығын зерттеу және оңалту орталығы, облыстың ветеринариялық қызметі, экология департаменттері және құқық қорғау органдары кіретін жұмыс тобының барлық мүшелері жедел түрде хабардар етілді», – деді министрліктен.

29 маусым күні таңертең жергілікті балық инспекциясы басқармасы, экология департаменті, ветеринарлық қызмет және Қазгидромет қызметкерлері болжамды орынға барған. Алайда ол жерде итбалық өлекселері табылмаған.

Қазір облыстық балық инспекциясы басқармасының инспекторлары итбалық өлекселерін анықтау мақсатында Каспий теңізінің жағалауына мониторинг жүргізіп жатыр.

Айта кетейік, бұдан бұрын Қарағанды облысында өзеннен 80-нен астам киік өлексесі табылған.

Серіктес жаңалықтары