×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

Алматыда көлік жүргізушісі жол жөндеу жұмысшысын қылқындырып өлтірмек болды

01.07.2023, 09:49
видеодан кадр

Алматыда жас жігіт жол жөндеу жұмысшысын қылқындырып жатқан сәтінің видеосы желіде тарады. Істі полицейлер анықтап жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Видео Instagram желісіндегі dorogi_almaty_official парақшасында пайда болды.

Видеода қара футболка киген жігіт жерде жатқан ер адамды жерге жығып, қылқындырып жатқанын көруге болады.Қасынан өтіп бара жатқан куәгерлердің айғайынан кейін жас жігіт жұмысшыны босатты. Зардап шегуші орнынан тұрып, жолдың бір бөлігін жабатын қоршауды орнатпақ болған. Ал наразы болған жүргізуші ұрысып, көлікке отырып, орнатылған қоршауды бұзып, оқиға орнынан кетіп қалған.

Әлеуметтік желідегі жазба авторларының айтуынша, оқиға Гагарин мен Есқараев көшелерінің қиылысында болған.

"Не деген бассыздық. Адамдар үлкендер мен басқалардың жұмысын құрметтеуді қойды"- делінген видеоның жазбасында.

Алматы қалалық полиция департаменті оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады. Қазір Бостандық аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері видеодағы оқиғаның мән-жайын анықтауда.

"Зардап шеккен жұмысшы анықталды. Құқық бұзушының жеке басы анықталып жатыр. Оның әрекетіне құқықтық баға беріледі", - делінген ведомство хабарламасында. 

Серіктес жаңалықтары