×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

Қазақы ит тұқымдарын сақтау туралы заң күшіне енді

01.07.2023, 12:38
Фото: Ашық дереккөзден

Қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту жөніндегі заң күшіне енді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Айта кетсек, биыл 3 қаңтарда «Қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту мәселелері бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң қабылданған болатын. Онда қазақ ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласындағы қызметті жүзеге асырудың құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық негіздері белгіленген.

Заңда уәкілетті органның құзыреті белгіленген. Ол – нормативтік-құқықтық актілерді бекіту, оның ішінде қазақ ит тұқымдарының Ұлттық орталығын құру. Қазақстанда алғаш рет құрылатын қазақы ит тұқымдарының ұлттық орталығы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК-ның құрылымдық бөлімшесі саналады.

Серіктес жаңалықтары