2 шілдеде Өскеменде дәмханада өрт шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Облыстың Төтенше жағдайлар департаменті аумақты қатты түтін басып қалғанын атап өтті. Оқиға орнынан 55 тұрғын эвакуацияланды, оның ішінде 10 бала бар.
Өрт сөндірілді. Төтенше оқиғаның салдарынан зардап шеккендер жоқ.
Жалынды жоюға Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметінің 28 маманы мен 9 бірлік техникасы жұмылдырылды.
Өрт қою нұсқасы жоққа шығарылмайды.
Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті барлық дәмхана бөлмелері автоматты ескерту және өрт сөндіру жүйелерімен жабдықталуы тиіс екенін еске салады.