×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Бұдан былай заңсыз сыйақы алғандар 3 жылға қамалуы мүмкін

03.07.2023, 08:26
фото: ашық дереккөзден

Заңсыз сыйақы алғандарға қатысты қолданылатын жаза күшейеді. Антикор Қылмыстық кодекске осындай өзгеріс енгізуді ұсынып отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Ірi мөлшерде сыйақы алумен байланысты не қорқытып алумен ұштасқан іс-әрекеттер – мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан 3 жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, 3 000 АЕК-ке (10 350 000 теңгеге) дейiн айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады», - делінген Ашық НҚА порталында жарияланған Қылмыстық кодекстің жаңа редакциясында.

Айта кетейік, қолданыстағы заң шеңберінде мұндай әрекет жасағандарға ең қатал жаза ретінде 2 жылға соттау, осы мерзімге бас бостандығын шектеу немесе 6 млн 900 мың теңге айыппұл салу шаралары қолданылады. Сондай-ақ кінәлі деп танылған адам сот шешімімен 600 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тартылады. Енді заңсыз сыйақы алғандарға 3 жылға бас бостандығынан айыру, 10 млн теңгеден аса айыппұл салу және 3 жылға жылға бостандығын шектеу жазасы қолданылмақ.

Құжат 17 шілдеге дейін көпшілік талқылауда болады.

Серіктес жаңалықтары