×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Рамзан Қадыровтың 22 жастағы қызы мәдениет министрі болып тағайындалды

08.10.2021, 20:50
Фото: ашық дереккөз

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров үлкен қызы Айшат Қадырованы мәдениет министрі болып тағайындады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Бұған дейін ол министрдің орынбасары қызметін атқарған. Бұл лауазымға қыркүйек айында тағайындалды. Ол кезде Рамзан Қадыров қызы туралы пікірін Телеграм арнасына жазған болатын.

«Жас болса да оның күрделі әрі ірі жобаларға жетекшілік етуде тәжірибесі мол. Биыл наурыз айында ол «Шешенстан Республикасына сіңірген еңбегі үшін» медалімен лайықты марапатталды. Бұл да Айшат Қадырованың ұлттық мәдениет пен өнерді дамытуға қосқан үлесіне берілген баға», -  деп жазды Қадыров Телеграм арнасында.

Айшат Қадырова 18 жастан бері Firdaws сән үйіне жетекшілік етіп келген.

Серіктес жаңалықтары