×
441.41
477.78
4.84
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.41
477.78
4.84

Үндістан шетелдік туристерді қабылдауды бастайды

09.10.2021, 00:57
Фото: ашық дереккөз

Үндістан қазанның 15-інен бастап шетелдік туристерді қабылдай бастайды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

ria.ru-дың мәліметінше, алдағы бір айда саяхатшылар бұл елге чартерлік рейспен ғана бара алады. Коммерциялық рейстер қараша айының ортасында ғана іске қосылады.

Үндістан коронавирус дертіне шалдыққандар саны бойынша әлемде екінші орында тұр. Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы мәліметі бойынша, жұқтырғандардың жалпы саны 33,8 миллионнан асты. 449 мыңнан астам адам қайтыс болса, емделіп жатқан адамдардың саны 244 мыңды құрайды.

Еске сала кетсек, пандемияға байланысты Үндістанның шекарасы бір жарым жыл бойы шетелдік туристерге жабық болды.
 

Серіктес жаңалықтары