×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Бішкекте Қырғызстан президентінің туысы ұсталды

06.07.2023, 17:08
Ашық дереккөз

Алдын ала болжам бойынша, сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстық бабы бойынша тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бішкекте президент Садыр Жапаровтың туысы Ұлан Жапаров ұсталды, деп жазады 24.kg.

Анықталғандай, Ыстықкөл ауданы Кең-Суу ауылының тумасы 32 жастағы Ұлан Жапаров Бішкектегі №1 тергеу изоляторына қамалды.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, Қырғыз Республикасы Қылмыстық кодексінің «Сыбайлас жемқорлық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Істі Ішкі істер министрлігінің Тергеу қызметі тергеп жатыр», - дейді редакция.

Қырғыз астанасының Бірінші Май аудандық соты оның 26 ​​шілдеге дейін қамауға алынғанын растады.

Деректерге сүйенсек, ол - Садыр Жапаровтың немере ағасы Рақымжан Жапаровтың ұлы.

Еске салайық, бұған дейін Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті кейіннен билікті күшпен басып алу мақсатында жаппай тәртіпсіздіктер мен бағынбаушылық акцияларын ұйымдастыруды жоспарлаған тұлғаларды қамауға алу қарсаңында хабарлаған болатын.

Серіктес жаңалықтары