×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Каспий жағалауындағы қамыс өртінің аумағы 830 гектарға жетті

10.07.2023, 11:39
ТЖД

Бұл туралы Атырау облысының әкімдігі мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Қамыстың жану аумағы 830 гектарды құрайды. Батпақты жерге жету мүмкін болмағандықтан, өртті сөндіру қиынға соғып тұр. Қазір қамыс өртінің 80 пайызы сөндірілді. Аэровизуалды барлау кезінде жанып жатқан өрт ошақтары анықталмады. Алайда, бықсыған қамысты сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Қамыс өртін сөндіруге «Қазавиақұтқару» АҚ-ның МИ-8 тікұшағымен 36 рет су төгілді. Осы кезде төгілген судың мөлшері 204 тоннаға жетті. Өрттен елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ», -деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Өртті сөндіруге Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменті мен «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватынан 92 адам, 15 техника, 4 мотопомпа тартылған. Әуеден су төгуді «Қазавиақұтқару» АҚ-ның МИ-8 тікұшағының 5 адамдық экипаж жүргізіп жатыр.

«Биыл дала өртімен күрес жұмыстары үшін «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватына арнайы техника сатып алуға республикалық бюджеттен 285 млн теңге бөлінді. Ал Атырау облысының төтенше жағдайлар департаментіне 30 негізгі және арнайы техника сатып алуға жергілікті бюджеттен 1, 5 млрд теңге қаралды», – делінген хабарламада.

Еске салайық, Каспий теңізінің жағалауында 6 шілдеден бері қамыс өртеніп жатыр.

Серіктес жаңалықтары