×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

"Менде мұндай жарнама шықпайды": вице-министр дипломдық жұмыстар саудасы жайлы

10.07.2023, 15:49
Коллаж: Ulysmedia.kz

Вице-министр Қуаныш Ерғалиевт Қазақстанда дайын дипломдық жұмыстар саудасы қызып тұрғанын білмейтін болып шықты. Ол тіпті мұндай еңбектерді сату/сатып алу қаншалықты заңды екенін де айта алмады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ОКҚ брифингінде Ulysmedia.kz тілшісі шенеуніктен неге Қазақстанда дайын дипломдық жұмыстар жаппай сатылатынын және жауапты министрлік неге ешқандай шара қолданбайтынын сұрады. Сондай-ақ, дипломдық жұмыстарды сату/сатып алу қаншалықты заңды екенін білмек болды. Өйткені мұндай қызметтердің жарнамасы соңғы уақытта барлық жерде және ашық түрде тарап жатыр. Дипломдық жұмыс саудасын қыздырғандар ЖОО партасына бір күн отырып көрмеген кейбір студенттердің «жоғары білімді» маманға айналуына жол ашуда.

Вице-министр сауалға жауап ретінде ЖОО-да плагиатқа қарсы жүйе енгізілгенін айта бастады.

- Университеттерде академиялық адалдық қағидаты белсенді түрде енгізілуде – бұл  аталған қызметтерге кедергі келтіретін құралдардың бірі. Бұл көшіріп алынған еңбектерді тексеретін бағдарламаларды енгізу: дипломдық жұмыстар мен жазбаша сипаттағы әртүрлі тапсырмаларды тапсыру кезінде міндетті болып табылатын плагиатқа қарсы жүйе. Сондай-ақ, әр университетте студенттермен түсіндіру жұмыстары жүргізіледі, - деді ол.

Кейінірек тілшіміз сауал кқшірілген жұмыстар туралы емес, үшінші тұлғалардан “мінсіз” дипломдық еңбектерді сатып алуы туралы екенін түсіндірді. Спикер бұл заңды ма, жоқ па – түсіндіре алмады және өзі мұндай қызметтердің жарнамасын көрмегенін айтты.

- Мұнда басқа мәселе, менің ойымша, егер бұзушылықтар болса, онда тиісті құқық қорғау органдарына хабарласу қажет. Менде мұндай жарнама шықпайды. Бізге фактілерді беріңіз, біз тексереміз. Егер әңгіме алаяқтық туралы болса, онда құқық қорғау органдарына жүгіну керек, – деп кеңес берді шенеунік.

Айта кету керек, жоғары білім туралы дипломдар бойынша "тиісті орган" – ғылым және жоғары білім министрлігінің өзі. Алайда ондағы шенеуніктер саланың жаңалықтары жайлы білмейді екен.

Серіктес жаңалықтары