×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

"Вагнер" сапында қанша қазақстандық қызмет етіп жүр

10.07.2023, 18:03
"Вагнер" сапында қанша қазақстандық қызмет етіп жүр
Коллаж: Ulysmedia.kz

Қазақстан СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров "Вагнер" сапында қанша қазақстандық қызмет ететіні жайлы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Смадияров "Вагнердегі" қазақстандықтар жайлы деректерді анықтау процесі Ресей билігінің ресми сұрауларға жауап бермейтіндіктен күрделене түсетінін атап өтті.

"Ресейлік шенеуніктер кімнің қайда екенін білмейтіндіктерін айтады, өйткені "Вагнер” жеке компания және олар ақпарат бере алмайды. Біз кімнен ақпарат сұрайтынымызды білмейміз. Біздің барлық ресми сұрауларымыз құқық қорғау органдарына немесе Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрлігіне түседі және олардың әрі қарай адресаты болмайды, өйткені сұрайтын ешкім жоқ", - деді Смадияров.

Ол Ресей билігі жеке әскери компанияға кімдер алынатынын және ақпаратты қалай тексеру керегін білмейтінін атап өтті.

Еске салайық, 24 маусымға қараған түні “Вагнер” ЖӘК басшысы Евгений Пригожин Ресей қорғаныс министрлігін соққы берді деп айыптап, қарулы қақтығыс басталғанын мәлімдеген. Ол науқанның мақсатын «Ресей Қорғаныс министрлігінің басшылығын жауапқа тарту» деп атады. ЖӘК басшысы «Президенттік билік, үкімет, Ішкі істер министрлігі және басқа да құрылымдар Қазақстандағы жұмысты жалғастырады» деп сендірді. 

Путин Пригожинді «сатқындық жасады» деп айыптап, бүлікті басуға бұйрық бергенін мәлімдеді.

Путиннің мәлімдемесіне берген жауабында “Вагнер” Ресейде жаңа жуырда жаңа президент болатынын айтты.

Көп ұзамай Ресейлік ФСБ «Вагнер» ЖӘК басшысы Евгений Пригожинге қатысты қылмыстық іс қозғады.

Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігі әскери-саяси жағдайдың шиеленісуіне байланысты Қазақстан азаматтарына үндеу жолдады. Қазақстандықтардан жақын арада Украинамен шекаралас Ресей территорияларына бармауды сұрады.

Алайда Пригожин райынан тез қайтты. Оны қарулы қақтығысты тоқтатуға үгіттеген – Беларусь президенті Александр Лукашенко. Бұл туралы РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді. Ол Пригожинге қарсы қылмыстық іс тоқтатылатынын, оның Беларуське кететінін жеткізді.

25 маусымға қараған түні  «Вагнер» жауынгерлері  Дондағы Ростовтағы Оңтүстік әскери округінің штаб-пәтері маңындағы аумақты тастап кеткені мәлім болды.

Бүліктен кейінгі халыққа жолдауында Ресей президенті Владимир Путин "Вагнер" жалдамалыларына екі жол ұсынды.

Сондай-ақ, "Вагнердің" бұдан былай Украинадағы соғысқа қатыспайтыны хабарланды.