×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Елімізде емхананы еркін таңдау науқаны 15 қарашаға дейін жалғасады

09.10.2021, 14:48
Фото: ашық дереккөз

Жыл басынан бері @eGov.kz порталы арқылы емханаға тіркелу үшін 1 897 088 азамат онлайн өтінім берген, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

egov.kz порталы арқылы емханаға тіркелуге өтінім беру үшін:

Тек авторланудан өту қажет;

Электрондық өтінімді толтыру керек;

Көрсетілген қызмет нәтижесі жеке кабинетіңізге жіберіледі.

egov.kz-ның телеграм парақшасында жазылғандай, тіркелу науқаны және емхананы еркін таңдау мүмкіндігі барлық қазақстандықтарға консультациялық-диагностикалық қызметтерге жолдаманы, ауруханаға жатуды, кез келген жоспарлы медициналық көмекті және т.б. қоса алғанда, денсаулық сақтау жүйесіндегі барлық медициналық көмек түрлерін алуға құқық береді.

Серіктес жаңалықтары