×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Алматыдағы ВИЧ жұқтыру оқиғасы: науқастар министр Ғиниятпен кездескісі келмеген

12.07.2023, 10:37
Алматыдағы ВИЧ жұқтыру оқиғасы: науқастар министр Ғиниятпен кездескісі келмеген
Коллаж: Ulysmedia.kz

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Алматы ауруханасында науқастардың АИТВ жұқтыру оқиғасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оның айтуынша, комиссия жұмысы келесі аптада аяқталады.

"Комиссия әлі жұмыс істеп жатыр. Алдын ала нәтижелер... бұл, өзіңіз білесіз, өте маңызды сұрақ. Сондықтан комиссия жұмысын аяқтап, анықтаманы толығымен дайындап, әкімдік пен денсаулық сақтау министрлігіне ресми түрде ұсынғанын күтейік", - деді ол.

Журналистер сонымен қатар министрден науқастармен кездескен-кездеспегенін сұрады.

"Жоқ. Тергеу жүріп жатқанда, бізде медициналық құпия туралы заң бар. Мұндай науқастармен кездескісі келетіндердің бәрінің ондай құқығы жоқ. Заң мұндай науқастарды қорғайды, сондықтан қазір бәрі комиссия жұмысы аясында жүргізіліп жатыр. Кім ауру жұқтырғанын білуге құқығым жоқ. Тек пациенттердің келісімімен. Олар мұны қаламайды", - деп қосты Ғиният.

Еске салайық, бұдан бұрын Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы қаланың орталық клиникалық ауруханасында емделушілердің АИТВ жұқтырғанын растаған.

Көп ұзамай осы факті бойынша Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеттері тексеруді бастағаны хабарланды.

20 маусымда министрлік эпидемиологиялық тергеудің алғашқы нәтижелерін жариялады.