×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

Ел мектептерінен ұрланған миллиардтар: мемлекеттік аудиторлар "ауызбастырық" алған

13.07.2023, 10:03
фото: ашық дереккөзден

Антикор білім беру саласындағы ірі жымқырулар мемлекеттік аудиторлардың бүркемелеуімен жасалғанын анықтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мәселен, Жетісу облысында бюджет қаражаты «өлі жандардың» шоттарына ақша аудару және мектеп қызметкерлерінің жалақысын асыра есептеп, кейіннен оларды қолма-қол ақшаға айналдыру мен иемдену арқылы ұрланған.

Тергеу барысында Алматы облысы Тексеру комиссиясының мемлекеттік аудиторы 500 мың теңге сомасында пара алғаны әшкереленді. Ол Талдықорған қаласындағы мектептердің бірінде аудиторлық тексерістің оң қорытындысы үшін пара алған. Қазіргі уақытта аудитор сотқа тартылды.

Осыған ұқсас факт Алматы облысында анықталды, онда облыстық тексеру комиссиясы бөлімінің басшысы Қарасай ауданының білім бөлімінің бухгалтерінен аудиторлық тексерудің оң нәтижелері үшін 1 млн теңге сомасында пара алған. Осы факті бойынша Алматы облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Сонымен қатар, Түркістан облысында мемлекеттік ревизор - облыстық Тексеру комиссиясының бас инспекторы парақорлықпен әшкереленді. Ол Сарыағаш ауданындағы мектептердің бірінде аудиторлық тексерістің оң қорытындысы үшін 26 млн теңге көлемінде пара алды деп күдіктелуде.

“Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды”, – делінген Антикор мәліметінде.

Білім беру саласы – еліміздегі ең көп жемқорларланған салалардың бірі. 2020 жылдан бастап осы саладағы қылмыстық істер бойынша 143 адам сотталған. Мемлекетке келтірілген залал шамамен 11 млрд теңгені құрады.



 

Серіктес жаңалықтары