×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

Риддер ЖЭО жөндеу шығыны 8 млрд теңгеден асып жығылды

14.07.2023, 10:58
фото: ашық дереккөзден

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келіп, Риддер ЖЭО жөндеу жұмыстары туралы айтып берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Министр Риддер ЖЭО жөндеу жұмыстарына 8 мердігер ұйым тартылғанын атап өтті.

"Жөндеу бойынша жобалау-сметалық құжаттамаларға мемлекеттік сараптамалар алынды. Жөндеу жұмыстарының жалпы сомасы 8,3 млрд теңгені құрайды. Риддер ЖЭО жөндеу жұмыстарын жылыту маусымы басталғанға дейін кесте бойынша аяқтау жоспарлануда", - деді министр.

Айта кетейік, наурызда Шығыс Қазақстан облысының әкімі Риддердегі жылу электр орталығында екі қазандықтан өрт шыққанын хабарлаған болатын. Даниал Ахметов стансаның жаңа иелерін технологиялық бұзушылықтар жасады деп айыптады.

Сондай-ақ, 23 наурызда Риддер ЖЭО №6 қазандық аймағындағы жанармай беру галереясында көмір шаңы жарылды. Жарылыс толқыны шамамен 80 шаршы метр қоршау құрылымдарын қиратты.

24 наурызда қалада өңірлік ауқымдағы төтенше жағдай режимі жарияланды.

ШҚО прокуратурасы жүргізген тексеру нәтижесін Риддер ЖЭО-ның техникалық жай-күйі көңіл көншітпейтінін көрсетті. Жылу электр орталығының басшылығына 11 млн теңгеден астам айыппұл салынды.

Өткен жылдың соңында жылыту маусымы басталғалы Риддер жылу электр орталығы температура режимін 133 рет бұзған.

Бұдан бұрын облыстың экс-әкімі Даниал Ахметов Риддердегі ЖЭО-ны монополиядан шығару қажеттігін айтқан.

 

Серіктес жаңалықтары