×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Риддер тұрғындары келесі қыста да жылуға жарымауы мүмкін

11.04.2023, 12:06
sputnik.kz

ШҚО әкімі Даниал Ахметов Риддердегі ЖЭО-ны монополиядан шығару қажет деп есептейді. Бұл туралы ол Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Қаржылық дәрменсіздік, кредиторлық берешектің болуы Риддердегі ЖЭО-дағы келесі жылыту маусымына қауіп төндіреді, қаланы жылумен қамтамасыз етуде күделі жағдай және техногендік апат туғызуы мүмкін. Осыған байланысты Риддер ЖЭО-ны монополиясыздандыру мәселесін қарастыруыңызды сұраймын", - деді Ахметов үкімет басшысына.

Оның айтуынша, Риддерде қалалық ЖЭО апатты жағдайына байланысты жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы ТЖ режимі сақталады.

"Қазіргі уақытта станцияда 2,3 мың тонна көмір бар, алайда ТЖ кезеңінде ЖЭО басшылығының қанағаттанарлықсыз пайдалануы мен немқұрайлылығына байланысты қазандық агрегаттарын авариялық ажыратудың 74 жағдайы тіркелді", – деді әкім.

Ахметовтің дерегінше, кәсіпорынның кредиторлық берешегі 3 млрд теңгеден асады.

"Станция иелерінің ағымдағы жылғы жөндеу науқанына, сондай-ақ бар қарыздарын өтеуге нақты жоспарлары жоқ. Қазіргі уақытта әкімдік "Риддер ЖЭО" АҚ кредиторларымен бірлесіп сот сипатындағы іс-шараларға бастамашылық жасады", - деп толықтырды аймақ басшысы.

Айта кетейік, бұдан бұрын Шығыс Қазақстан облысының әкімі Риддердегі жылу электр орталығында екі қазандықтан өрт шыққанын хабарлаған болатын. Даниал Ахметов стансаның жаңа иелерін технологиялық бұзушылықтар жасады деп айыптады.

Сондай-ақ, 23 наурызда Риддер ЖЭО №6 қазандық аймағындағы жанармай беру галереясында көмір шаңы жарылды. Жарылыс толқыны шамамен 80 шаршы метр қоршау құрылымдарын қиратты.

24 наурызда қалада өңірлік ауқымдағы төтенше жағдай режимі жарияланды.

ШҚО прокуратурасы жүргізген тексеру нәтижесін Риддер ЖЭО-ның техникалық жай-күйі көңіл көншітпейтінін көрсетті. Жылу электр орталығының басшылығына 11 млн теңгеден астам айыппұл салынды.

Серіктес жаңалықтары