×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Апаттан көз ашпаған Риддер ЖЭО-ға 11 млн теңге айыппұл салынды

24.03.2023, 11:41
фото: ашық дереккөзден

Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“2022 жылдың қараша айында Риддер қаласында апат орын алып, тұрғындарға жылу беру температурасы төмендеген болатын. Аталған жағдайдың себебін анықтау үшін Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы уәкілетті органдардың мамандарымен бірлесіп, кәсіпорын қызметінде тексеру жүргізген. «Оның нәтижелері «Риддер ЖЭО» АҚ-ның қанағаттанарлықсыз техникалық жай-күйін көрсетті”, – делінген хабарламада.

Прокуратураның қадағалау актілері бойынша уәкілетті органдар ЖЭО-ға қатысты бұзушылықтарды жою туралы нұсқама шығара отырып, 11 млн теңгеден астам сомаға әкімшілік жаза қолданды.

Сондай-ақ прокуратураның ұсынысы бойынша «Риддер ЖЭО» АҚ жылу энергиясын тиісті деңгейде жеткізбегені және сапасының нашарлағаны үшін төлемді қайта есептеу арқылы 63,3 млн теңге сомасына 21,7 мың тұтынушыға залал өтелді», - делінген ШҚО прокуратурасының хабарламасында.

Бұдан бөлек, тексеру барысында табиғи монополиялар туралы заңнаманы бұзу фактісі анықталды. Атап айтқанда, 548 млн теңге сомасына тарифтік смета мен инвестициялық бағдарламаның қаражаты мақсатсыз жұмсалған.

«Риддер ЖЭО» АҚ үшін 2023 жылғы 1 сәуірден бастап 2024 жылғы 31 наурызға дейін халыққа тарифті 18% төмендете отырып, уақытша өтемдік тарифті бекітті.

Айта кетейік, бұдан бұрын Шығыс Қазақстан облысының әкімі Риддердегі жылу электр орталығында екі қазандықтан өрт шыққанын хабарлаған болатын. Даниал Ахметов стансаның жаңа иелерін технологиялық бұзушылықтар жасады деп айыптады.

Сондай-ақ, Энергетика министрлігінің мәліметінше, кеше Риддер ЖЭО №6 қазандық аймағындағы жанармай беру галереясында көмір шаңы жарылды. Жарылыс толқыны шамамен 80 шаршы метр қоршау құрылымдарын қиратты.

Серіктес жаңалықтары