Журналист Думан Мұхамедкәрімнің денсаулық жағдайы күрт нашарлады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл туралы қоғам белсендісі Дана Сәрсенбаева мәлімдеді. Оның сөзінше, журналистің өміріне қауіп төніп тұр.
"Оның жүрегі кез келген сәтте тоқтап қалуы мүмкін, бүйрегі ісіп кеткен", — деп жазды ол.
Айта кетейік, Думан Мұхамедкәрім кеше 25 күндік қамаудан шығуы керек болған. Алайда оны кейін қылмыстық іс бойынша жауапқа тартып жатқаны белгілі болды.