×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Павлодардағы кеуіп бара жатқан қызғылт көлді комиссия тексереді

17.07.2023, 08:56
видеодан кадрлар

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова Павлодар облысындағы Коряковка көлінің жай-күйі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әлеуметтік желіде адамдардың Коряковка көлін құрғатып, түбіндегі тұзды қапқа салып әкетіп жатқаны жазылған еді.

«Қазір Экология комитеті, Павлодар облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, экологтар және қоғам белсенділерінің қатысуымен комиссия құрылып жатыр. Олар Коряковка көліне тексеру жүргізеді. Бұл - Қазақстандағы екінші қызғылт түсті сирек көл. Комиссия жұмысының нәтижесі ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің сайтында және БАҚ-та жарияланады», - деп жазды министр өзінің Instagram желісінде.

Аталған топ бүкіл ұйымдастыру жұмыстары аяқталған соң сейсенбі күні жолға шықпақ.

Айта кетейік, «Мультисервис» ЖШС компаниясының Коряковка көлінде тұз өндіруге лицензиясы бар (компания оны 2020 жылы алған).

Серіктес жаңалықтары