×
441.58
480
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.58
480
4.86

Астанада ұялы байланыс күрт нашарлады: провайдерлер не дейді

17.07.2023, 09:11
iStock

Әлеуметтік желілерде Астана тұрғындары Kcell және Activ ұялы байланысы нашарлап, әрең қосылып тұрғанына шағымданып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қарағанды тұрғындары да дәл осындай кедергіге тап болғаны хабарланды.

Kcell компаниясы еліміздің кейбір өңірлерінде ұялы байланыс интернеті бойынша проблема бар екенін растады.

«Компанияның техникалық бөлімше қызметкерлері Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлеріндегі бірқатар қалада деректерді беру қызметінің нашар істеп тұрғанын анықтады. Қазіргі уақытта компания мамандары сервисті жылдам қалпына келтіру бағытында тиісті жұмысты іске асырып жатыр», - деп жауап берді Kcell баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бұдан бұрын мемлекет басшысы Астанадағы интернет сапасын сынға алған болатын.

Серіктес жаңалықтары