×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

Қостанайда психикалық денсаулық орталығының бас дәрігеріне үкім шықты

17.07.2023, 14:28
Владимир Михайленко

Қостанай қалалық сотында психикалық денсаулық орталығының бас дәрігері Владимир Михайленкоға қатысты сот процесі аяқталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сотта сотталған адамның әріптестерімен куәландыру нәтижелерін қолдан жасағаны үшін кінәлі екендігі анықталды. Жүргізушіні әкімшілік жауапкершіліктен босату үшін наркологтарға куәландыру нәтижелерін өзгерту туралы нұсқау берілген.

"Сотталушы бағынысты қызметкерлердің баяндамасынан көлік құралын басқару кезінде жүргізушінің мас күйінде болғанынбіле тұра, оны әкімшілік жауаптылықтан заңсыз босату мақсатында нарколог-дәрігерлерге  куәландыру нәтижелерін өзгертуді тапсырғанын. Оған белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалсын", - делінген үкімде.

Наркологтар да жазаланды: 1-ден 1,5 жылға дейін бас бостандықтары шектелді.

Серіктес жаңалықтары