×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Қазақстанда мұнай мен газ өндірісі төмендеді

17.07.2023, 18:01
фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда маусымда мұнай өндіру көлемі 3,2%-ға төмендеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Қазақстанда мұнай өндіру 2023 жылғы маусымда 2023 жылғы мамырмен салыстырғанда 3,2%-ға төмендеп, 6,4 млн тоннаны құрады", - делінгенҰлттық статистика бюросының хабарламасында.

Статистикаға сәйкес, 2023 жылғы маусымда табиғи газ өндіру 2023 жылғы мамырға қарағанда 3,3%-ға төмендеп, 4,4 млрд текше метрді, ал өндірілген көмір көлемі 4%-ға азайып, 7,6 млн тоннаны құрады.

Айта кетейік, 3 шілдеде Маңғыстау атом электр комбинатының (МАЭК) №1 блогындағы апат салдарынан "Атырау мұнай өңдеу зауытының" жұмысы тоқтап қалды. Қаланың біраз бөлігі жарықсыз қалды.

Үкімет басшысы Смайылов апат салдарынан елде жанармай тапшылығы туындамайтынына сендірді. Алайда энергетика министрі елдегі жанармай қоры санаулы күнге жететінін айтып, Ресей импортына иек артуға тура келетінін мойындады.

Серіктес жаңалықтары