×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Шымкентте пара алған 6 полицей сотталды

18.07.2023, 15:46
фото: ашық дереккөзден

Шымкенттегі қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотта сыбайлас жемқорлық жасады деп айыпталған полицияның алты қызметкеріне қатысты үкім шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сотта майор мен оның қарамағындағы лейтенанттар әйелді әкімшілік құқық бұзушылық үшін жазадан босатқандары үшін 130 мың теңге сұрағаны анықталды.

Бірақ әйел ешқандай заң бұзушылық жасамаған.

"Майор дәл сондай шенді әріптесімен бірге бопсалау арқылы, қалған екі полицейдің көмегімен қарамағындағы  рота инспекторларынан жүйелі түрде пара алды", - деп хабарлады сотта.

Лейтенанттар айыппұлмен құтылды. Тағы екі полиция қызметкеріне де дәл сондай жаза тағайындалды.

Ал майорлар 7 жылға сотталды.

Айта кетейік, бұдан бұрын Ақмола облысында бұрынғы патрульдік полиция инспекторы мен оның сыбайласы алаяқтық үшін сотталған.

Серіктес жаңалықтары