×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

Түркістанда тергеудегілерді азаптаған 4 полицей сотталды

20.07.2023, 16:21
фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысында тергеліп жатқан азаматтарды азаптаған 4 полиция қызметкері сотталды. Бұл туралы облыс прокуроры Мұрат Тілеубердиев мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Прокурордың сөзінше, аймақта құқық қорғау органдары ғимаратына кіріп-шығу жағдайына бақылау күшейтілген. Сондай-ақ, полиция ғимараттарындағы «соқыр аймақтарды» жою бағытында 3 мыңнан аса бейнекамералар орнатылыпты.

«Соңғы жарты жылда  прокуратураға тергеуге түскен азаматтарды азаптауға қатысты 25 арыз тіркелді. Биыл сот үкімімен азаптауға жол берген Ордабасы аудандық полиция басқармасының 4 полиция қызметкері бас бостандығынан айырылды. Бұл істі арнайы прокурорлар жүргізді», - деді Тілеубердиев.

Айта кетейік, жыл басынан бері елімізде азаптау фактілері бойынша күштік органдардың 35 қызметкеріне қатысты істер сотқа жіберіліп, 17 адам сотталды.

Жуырда ШҚО-да сотталғандар түрме қызметкерлерінің тегін дұрыс атамағаны үшін азапталғаны жайлы жазғанбыз.

Сондай-ақ, Атырау облыстық прокуратурасы азаптаулар жасады деген күдікпен Атырау қалалық полиция басқармасының 5 жедел уәкіліне қатысты қылмыстық істі сотқа жолдады.

Серіктес жаңалықтары