×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Қазақстанда ақшасын депозитке теңгемен жинайтындар көбейген

20.07.2023, 18:01
kapital.kz

Соңғы 6 айда теңгемен сақталатын депозиттердің үлесі 3 пайыз артып, 71,6 пайызға жеткен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің 2023 жылғы қаңтар-маусымдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысында айтылған.

«Депозиттер 1 маусымға 30 629,2 млрд теңгені құрап, 2023 жылдың басына қарағанда 1% азайды. Заңды тұлғалардың депозиті – 3,8%, яғни, 14 трлн 711,4 млрд теңгеге дейін төмендесе, жеке тұлғалардың депозиті – 1,7%, яғни, 15 трлн 917,8 млрд теңгеге дейін көбейді. Ұлттық валютадағы депозиттер үлесі 2022 жылғы желтоқсандағы 68,4%-тен 2023 жылғы мамырда 71,6%-ке дейін өсті», - делінген құжатта.

Сондай-ақ, айналыстағы қолма-қол ақша көлемі 2023 жылдың басына қарағанда 0,3% азайып, 3 351,4 млрд теңге болған.

«Ақша массасы 1,2%, яғни, 33 трлн 890,6 млрд теңгеге дейін төмендеді. 2023 жылғы маусымда теңгенің АҚШ долларына ресми бағамы 1 АҚШ долларына 444,85 – 454,13 теңге аралығында құбылып, орта есеппен 2023 жылғы маусымда 1 АҚШ долларына 448,5 теңгені құрады», - дейді сарапшылар.

Айта кетейік, бұдан бұрын Қазақстанда ақшасын депозитке доллармен жинайтындар азайғаны хабарланған.

Серіктес жаңалықтары