×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Павлодарда қала күніне орай отшашу бола ма

21.07.2023, 08:17
фото: ашық дереккөзден

Павлодар отшашулардан түбегейлі бас тартпақ. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Светлана Гладышева мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Облыс орталығында соңғы рет осыдан екі жыл бұрын от шашу болған еді, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Бұрын тұрғындар маңызы бар мерекелерде, атап айтқанда Тәуелсіздік күні, Жаңа жыл, Жеңіс күні  қарсаңында салют пен фейерверктерді  тамашалай алатын. Соңғы уақытта отшашулар мүлдем жасалмайды. Оның себебін Павлодар қаласы әкімінің орынбасары Светлана Гладышева түсіндірді. 

– Соңғы рет қалада екі жыл бұрын отшашу атқан едік. Қазіргі мерекелік іс-шараларда отшашу ұйымдастырылмайды. Себебі бұл экологияға үлкен зиянын тигізеді, – деді Светлана Гладышева. – Сондай-ақ тәттілерден шашу шашуды, шарларды аспанға ұшыруды тоқтаттық. 

Оның айтуынша, болашақта отшашу мен фейерверктердің қолданылуы қарастырылмайды. Қазір әр түрлі мерекелерде фейерверктердің орнына қауіпсіз суық отты пайдаланады. 

Айта кетейік, 22 шілдеде Павлодарда қала күні аталып өтіледі. Осыған орай облыс орталығында спорттық, шығармашылық іс-шаралар ұйымдастырылады. Кешкі концертте әйгілі қазақстандық жұлдыздар LUINA, «RINGO» тобы, «Ny-Za Band» музыкалық тобы өнер көрсетеді.

Еске салсақ, 6 шілде күні тойланған Астана күнінде де отшашу болған жоқ. Елорда күніне орай ұйымдастырылатын отшашу үшінші жыл қатарынан тоқтатылып келеді. Соңғы рет отшашулар жанжалмен аяқталған.

 

Серіктес жаңалықтары