×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Анасының қарызы үшін қызының қолын байлаған Алматы облысының тұрғыны ұсталды

22.07.2023, 10:54
Анасының қарызы үшін қызының қолын байлаған Алматы облысының тұрғыны ұсталды
Ашық дереккөз

Жас қыздың аузы мен қолын таңып, Алматы облысы Қарғалы ауылындағы қараусыз қалған ғимаратқа апарған әйел ұсталды. Осыдан кейін күдікті баланы босатты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұған дейін әлеуметтік желіде Алматы облысынан әйелдің кішкентай қыздың қолын байлап, аузына шүберек салып, белгісіз бағытқа алып кеткені туралы видео тараған болатын.

Тексеру барысында полиция қызметкерлері 23 жастағы әйелді анықтады. Күдікті Жамбыл облысындағы ауылдардың бірінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Құзырлы органдар белгілі кәмелетке толмаған адамға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 126-бабы 2-бөлігі 5-тармағы – заңсыз бас бостандығынан айыру бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.