×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

Павлодарда Аи-95 бензині тапшы

24.07.2023, 08:01
фото: ашық дереккөзден

Павлодар тұрғындары қалада Аи-95 бензині жетіспейтінін мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Павлодарда 95-ші бензин тапшылығы әлі де бар", - делінген тұрғындардың әлеуметтік желілердегі хабарламасында.

Бұған дейін Қазақстанның энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев еліміздің кейбір өңірлерінде Аи-95 бензинінің тапшылығына қатысты түсініктеме берген болатын.

Журналистер қазақстандықтардың Алматы-Астана тас жолында Аи-95 маркалы бензиннің жоқтығына шағымданатынын жеткізгенде министр:

"Бұл Шымкент мұнай-химия зауытында жүргізілген жөндеу жұмыстарына, сондай-ақ Атырау зауытының апатты тоқтауына байланысты. Қазір мұнай базалары мен зауыттарда қажетті көлем жинақталып, әкімдіктердің өтінімдеріне сәйкес отынның осы түрі жөнелтілуде", - деді ол.

Министрдің айтуынша, тұтыну көлемі артып келе жатқан бағыттарда іркілістер болуы мүмкін, бұл ретте жақын арада тапшылық ішкі жеткізілімдер есебінен жабылатын болады. Сондай-ақ, Сәтқалиев жанармай құю станциялары бағаны өз қалауы бойынша көтеруге құқылы екенін атап өтті, өйткені Аи-95 – отынның реттелмейтін түрі.

Айта кетсек, «ҚазМұнайГаз» басқарма төрағасының орынбасары Дмитрий Макеев те елімізде кейбір жанармай бекеттерінде АИ-95 бензинінің тапшылығы туындағанын мойындаған.

«Шынымен де кейбір жанармай құю бекеттерінде АИ-95 бензині жетпей жатыр деген ақпарат тарады. Бұл мәселе логистикаға қатысты. Өйткені, жанар-жағармайды еліміздің батысынан оңтүстік өңірлеріне жеткізу екі аптаға созылуы мүмкін. Яғни бензин бар, бірақ тиісті көлемі жолда келе жатыр. Еліміздің аумағы үлкен екенін ескерсек, логистика біраз уақыт алады. Жалпы, біз тиісті техникалық іс-шараларды атқардық, Атырау мұнай өңдеу зауытына өндіріс бойынша ауқымды көлемі жүктелді», - деді компания өкілі.

Серіктес жаңалықтары