×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Астанада балабақша меңгерушісі мен азық-түлік жеткізуші бюджет қаржысын жымқырған

24.07.2023, 16:27
Астанада балабақша меңгерушісі мен азық-түлік жеткізуші бюджет қаржысын жымқырған
фото: ашық дереккөзден

Астана қаласы Байқоңыр ауданының № 2 сотының үкімімен елордалық балабақша меңгерушісі, сондай-ақ осы мекемеге азық-түлік жеткізуші сотталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қалалық прокуратура мәліметінше, мемлекеттік айыптаушы сотта азық-түлік жеткізу көлемін едәуір арттыру арқылы бюджет қаражатын ұрлаудың қылмыстық схемасын дәлелдеді.

“Сондай-ақ, мекемеде жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы жалған актілер жасау арқылы ақша ұрланған. Мемлекетке келтірілген залал толық көлемде өтелді, кінәлілер сотталды”, – делінген хабарламада.

Айта кетсек, бұдан бұрын Жетісу облысында ауыл балабақшасынан 38 млн теңге ұрланған еді.

Ал Абай облысында балабақша есепшісі  2,5 млн теңге жымқырған.