Жаңаөзенде электр энергиясымен жабдықтаушы мекеменің қызметкері электр бағанасында қайтыс болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл туралы Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаменті мәлім етті.
Оқиға бүгін сағат 11:45 шамасында болған.
«Жаңаөзен қаласы Рахат-3 ықшамауданы, 24-көше, 119-үйдің жанындағы жоғары вольтты электр бағанасында адам тұрғаны туралы диспетчерлік жедел жәрдемге ақпарат түсті. Жоғары вольтті (380 В) электр бағанасында жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында белгісіз себептермен «Өзенэнергосервис» МКҚК-нің 1992 жылғы қызметкері ток соғып, сол жерде қайтыс болғаны анықталды», - делінген баспасөз мәлімдемесінде
Айта кетейік, бұдан бұрын Атырау облысында жарық компаниясының монтері көз жұмған.