×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Қариялар мен науқас балаларды қорлаған болашақ дәрігерге диплом берілмеуі мүмкін

25.07.2023, 18:01
Қариялар мен науқас балаларды қорлаған болашақ дәрігерге диплом берілмеуі мүмкін
фото: ашық дереккөзден

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Астанада науқастар мен мүгедектігі бар балаларды қорлаған медицина студентінің ісі тексеріліп жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұған дейін БАҚ-та астаналық медицина студентінің пациенттер мен мүгедектігі бар балаларды қорлағаны хабарланған еді.

«Іс бүгінде соңғы сатыда. Нәтижелері бойынша қорытынды процессуалдық шешім қабылданатын болады. Сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Сонымен қатар, күдіктінің адвокаты материалдармен бір ай бойы танысып жатыр. Бас прокуратурамен байланыстамын, іс менің бақылауымда. Меніңше, мұндай іс-әрекеттер заңның бар қатаңдығымен қарастырылуы керек», - деген еді ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева.

Бүгін үкімет кулуарында журналистер денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттан аталмыш іске қатысты пікір білдіруді сұрады.

«Студенттің ісін құқық қорғау органдары заң аясында қарап жатыр. Аталған істің мән-жайы медицина университеті жанындағы арнайы комитетте қаралады», - деді министр.

Ғинияттың пікірінше, ондай маманға диплом берілмеуі керек.