×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Нигерде әскерилер президенттің орынтағынан кеткенін жариялады

27.07.2023, 08:06
Фото: Ашық дереккөзден

Нигердегі әскерилер ұлттық телевидение арқылы президент Мұхамед Базумның биліктен кеткенін жариялады, деп хабарлайды  Ulysmedia.kz.

Әскерилер сондай-ақ Конституция күші мен барлық мемлекеттік мекемелердің тоқтатылатынын, елдің батыс Африкадағы шекараларының жабылатынын хабарлады.

«Біз, қорғаныс және қауіпсіздік күштері, өздеріңіз білетіндей режимді тоқтату туралы шешім қабылдадық. Мұның ізінше елде қауіпсіздік жағдайы нашарлап, экономикалық және әлеуметтік басқару нашарлады. Сол себепті осындай шаралар қабылдап отырмыз», - деді генерал-полковник Амаду Абдурахман.

Оның айтуынша, министрлік басшылары күнделікті міндеттерін атқара береді.

«Барлық сыртқы серіктестерден біздің іске араласпауды өтінеміз. Жағдай тұрақталғанша теңіз және әуе шекаралары жабық болады», - деді Абдурахман.

Естеріңізге сала кетейік, таяуда Нигерде әскерилер ел президентін ұстаған болатын.

Мохамед Базум 2021 жылы билікке келген Нигердің жетінші президенті. Ол ант беруден бірнеше күн бұрын, 2021 жылдың наурыз айында Нигерде төңкеріс жасау әрекетінің жолы кесілген еді.

1960 жылы Франциядан тәуелсіздік алғаннан бері Нигерде төрт әскери төңкеріс болды.

Серіктес жаңалықтары