Су ресурстарын басқаратын жеке ведомство құру бастамасын бұған дейін мәжіліс депутаттары көтерген болатын. Олар қазіргі су ресурстары жөніндегі комитетті Экология және табиғи ресурстар министрлігінен бөлу керек деген. Алайда премьер-министр мұндай ұсынысты қабылдамады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«Экология және табиғи ресурстар министрлігінде су мәселесін су ресурстары комитеті, оның бассейн инспекциялары мен шекарадағы өзендер департаменттері реттейді. Су ресурстарын басқару жөніндегі жеке мемлекеттік орган құру жөніндегі бастаманы зерделей отырып, Үкімет министрліктің қазіргі құзірет шеңбері кешенд реттеп отыр деп есептейді. Тиісінше жеке мемлекеттік орган құру әзірге ерте», - делінген Смайыловтың жауабында.