×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

ШҚО-да есірткіге елірген жүргізуші жолаушы тасымалдаумен айналысқан

28.07.2023, 17:17
фото: ашық дереккөзден

Шығыс Қазақстанда есірткі тұтынып, жолаушыларды тасымалдаған көлік жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ШҚО полиция департаментінің хабарлауынша, жол-көлік патрульдік полициясы Өскемен-Семей тас жолында LADA 21144 көлігін тоқтатқан. Аталған жеңіл көлікті 35 жастағы жүргізуші басқарған.

"Құжаттарды тексеру кезінде ер адам біртүрлі әрекет танытып, полицейлерге күдік туғызды. Кейінірек сараптама жүргізушінің ағзасында есірткінің бар екенін анықтады",- деп мәлім етті полиция.

Сондай-ақ, өткен жылдың наурыз айында сот оны 8 жылға дейін көлік құралдарын басқару құқығынан айырғаны анықталды.

Қылмыстық кодекстің 346-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру. Құқық бұзушы бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Еске салайық, жуырда белгілі әнші Төреғали Төреәлі Алматыда есірткіге мас күйде ұсталған болатын. Ол 20 тәулікке қамалып, 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылды. Алайда әншінің адвокаттары өз клиенттерінің құқығы бұзылғанын айтып, наркологиялық сараптаманың қорытындысымен келіспейтіндерін мәлімдеді.

Сондай-ақ, оның үстінен қылмыстық кодекстің 308-бабы "Билік өкілін қорлау" бойынша іс қозғалды.

Серіктес жаңалықтары