×
473.98
504.03
4.93
#Қаңтар оқиғасы #қаңтар қақтығысы #сайлау #жемқорлық #тағайындау
473.98
504.03
4.93

Қостанайдағы жол апатынан екі адам көз жұмды, үшеуі ауруханаға жеткізілді

29.07.2023, 09:40
Ашық дереккөз

Қостанай-Сарыкөл арасындағы жол апатынан зардап шеккендердің шінде аяғы ауыр әйел бар, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оқиға 28 шілде сағат 21:00 шамасында Қостанай-Сарыкөл автожолында, Октябрь ауылынан 15 шақырым жерде орын алды.

“ВАЗ-21099 автокөлігінің 22 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдың қарсы бетіне  шығып кетіп, Toyota Alphard көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Онда үш жолаушы, арасында жүкті әйел болған.

Апат салдарынан Ваз жүргізушісі мен Toyota жүргізушісі алған жарақаттарынан қайтыс болды. Түрлі жарақаттары бар үш жолаушы ауруханаға жеткізілді”, – деп жазды ІІМ-нен.

ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. Болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізіледі.
 

Серіктес жаңалықтары