×
441.58
480
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.58
480
4.86

Астанада Antares қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға үкім шықты

29.07.2023, 14:30
Ашық дереккөз

Астанада Antares қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға сот үкімі шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Заң бұзушылар азаматтардан аса ірі көлемде – жалпы сомасы 200 миллион теңгеден астам қаражат тартқан.

2020 жылдың мамырынан 2021 жылдың шілдесіне дейін сотталушылар «жәбірленушілерден алған міндеттемелерді қамтамасыз ететін кәсіпкерлік қызмет үшін жиналған қаражатты пайдаланбай, осы активтерді қайта бөлу және кейбіреулерін басқалардың салымдары есебінен байыту арқылы ақша жинаудан кіріс алған».

Іс бойынша барлығы Қазақстанның әртүрлі қалаларының 33 тұрғыны жәбірленуші деп танылды. «Сотталғандардың кінәсі жәбірленушілер мен куәлардың айғақтарымен, аудиторлық және сараптамалардың қорытындыларымен, келісім-шарттармен және жәбірленушілердің қаржы пирамидасына инвестиция салғанын растайтын басқа да құжаттармен дәлелденді», - делінген хабарламада.

Сот үкімімен Б. мен И. қаржы пирамидасын құрып, оны басқарғаны үшін кінәлі деп танылды (ҚК-нің 217-бабы, 3-бөлігі, 2-тармағы). Б.-ға алты жыл алты айға, ал И.-ға қаржылық ұйымдарда басшылық қызмет атқару құқығынан айыра отырып, бес жыл алты айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Жәбірленушілердің азаматтық талаптары қанағаттандырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары