×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Қызылордада банк қызметкері 600 млн теңге ұрлаған

31.07.2023, 09:36
tengrinews.kz

Қызылорда облысында банк қызметкері 600 млн теңгеден астам ақшаны ұрлап кеткен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, банк қоймасындағы қаражатты тексеру барысында 602 900 000 теңге жетіспейтіндігі анықталған.

“Контроллер-кассир шамамен 1 000 000 теңгеден 4 000 000 теңгеге дейін ақшаны бөлшектеп, кассадан ұрлағаны анықталды. Банктің 2021-2023 жылдар аралығындағы бейнебақылау камераларының жазбалары тәркіленді, онда кассадан халаттың жеңіне оралған ақшаларды шығару арқылы ұрлау фактілері тіркелген. Күдікті жасаған қылмыстық құқық бұзушылықты толық мойындады”, – делінген хабарламада.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында букмекерлік кеңседен оның атына тіркелген шотынан ақпарат алынып, соңғы 3,5 жылда есепшотқа 158 млн теңге түскені анықталды.

Сонымен қатар, оның атына және жұбайының атына тіркелген абоненттік нөмірлерден букмекерлік кеңселердің есепшотына ақша аудару бойынша операциялар жүргізілгені туралы ақпарат келіп түсті.

Күдікті қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Серіктес жаңалықтары