Алакөлге демалуға барған қазақстандық сол жақ аяғынан айырылып қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Желіде оқиға кезінде түсірілген бейнежазба тарады.
Белгілі болғандай, суға батып бара жатқан ер адамды құтқарған кезде аяғын моторлы қайықтың бұрандасы кесіп кетті.
Зардап шегушіге шұғыл түрде хирургиялық ота жүргізілген. Бүгінгі таңда оның жағдайы өте ауыр деп бағаланып отыр. 1984 жылы туған ер адамға өкпені жасанды желдету аппараты қосылған.
"Алакөл аудандық полициясының қызметкерлері аталған факт бойынша іс жүргізумен айналысады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚР ҚК 344-бабы (Темiржол, әуе, теңіз немесе өзен көлiгi жүрісі немесе оларды пайдалану қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу) бойынша жүргізіледі. Қылмыстық істі аудандық полиция басшылығы ерекше бақылауға алды", - деп хабарлады облыстық полиция департаменті.