×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Мобильді аударымдар арқылы қызмет көрсететін кәсіпкерлерге ескерту жасалды

31.07.2023, 17:16
фото: ашық дереккөзден

Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстанда тауарлар мен қызметтерге мобильді аударымдар арқылы ақы төлеуге тыйым салынғандығы туралы БАҚ-та жарияланған ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Қазір кейбір кәсіпкерлер банктерде ашылған жеке шоттарына сатылған тауарлар, қызметтер үшін мобильді аударымдар арқылы ақы алады. Алайда, бұл аударымдар бақылау-касса машиналары мен POS-терминалдарды қолданбай, тиісінше чектер берілмей жүргізіледі. Бұл ескерту түріндегі әкімшілік жауапкершілік көзделген заң бұзушылық болып табылады. Қайталама заң бұзушылық кезінде салық төлеушінің субъектілігіне байланысты салынатын айыппұл 15-тен 50 АЕК-ке дейін құрайды”, – делінген хабарламада.

Ведомство салық органдары заңсыз кәсіпкерлік қызметті көлеңкеден шығару мақсатында тиісті бақылау жүргізетінін еске салды,

2024 жылдан бастап банк ұйымдары жеке кәсіпкерлердің мобильді аударымдары бойынша деректерді беретін болады. Күнтізбелік үш ай қатарынан ай сайын 100 түрлі тұлғадан мобильді аударымдар алған азаматтар бақылауға алынады”, – дейді комитеттегілер.

 Сонымен қатар, бақылау-касса машиналары чектерін бермеу фактілерін анықтау бойынша «Азаматтық бақылау – Чекті талап ет» акциясы өткізіліп жатқаны атап өтілді. Анықталған бұзушылықтар туралы «Wipon cashback» тегін мобильді қосымшасы арқылы хабарлауға болады.

“Жоғарыда аталған өзгерістер адал салық төлеушілерге әсер етпейтініне және тек заңсыз кәсіпкерлік қызметті көлеңкеден шығаруға бағытталғанына назар аударамыз. Яғни, жеке тұлғалар, бұрынғыдай, өздерінің жеке мақсаттары үшін - туыстарына, достарына, ата-аналары мен балаларына және басқа да өмірлік жағдайларға арналған аударымдарды жасай алады және қабылдай алады”, – деп түсіндірді ведомство.

Серіктес жаңалықтары