×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Жоқшылық мәжбүрлеген: Бүйрегін шетелге сатпақ болған оралдық істі болды

31.07.2023, 17:29
polisia.kz

Оралда 33 жастағы тұрғын өзінің бүйрегін шетелде сатпақ болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

БҚО полиция департаментінің хабарлауынша, ол отаны Кения Республикасында жасатпақ болған.

30 шілде күні ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің үйлестіруімен БҚО ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы көліктегі ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлерімен бірлесіп, адам органын сату әрекетін тоқтатты.

Анықталғанындай, 1990 жылғы А. есімді азамат – Орал қаласының тұрғыны, отбасылы, вахталық әдіспен жұмыс істейді. Ақшаның жетіспеушілігінен осындай қадамға бармақ болған.

Ол мамыр айында халықаралық интернет-сайтта ақшалай сыйақы үшін трансплантацияға арналған бүйрек органын сату туралы хабарландыру жариялаған. Оған Телеграм каналы арқылы сайттың қызметкерлері байланысқа шығып, ортақ мәмілеге келу арқылы құны 20 мың АҚШ долларын тұратын отаны Кения Республикасында жасауға келіскен.

«Екі ай бойы 33 жастағы тұрғын медициналық орталықтарда тапсырған талдау нәтижелерін Телеграм каналы арқылы жіберіп отырған. Сайт қызметкерлері оған жол жүру, электронды виза үшін 250 АҚШ доллары көлемінде ақша жіберген. 30 шілде күні полиция қызметкерлері аталған азаматты Алматы қаласындағы әуежайдың ұшу аймағынан ұстады. Одан әрі тергеу әрекеттерін жүргізу үшін азамат Орал қаласына жеткізіліп, ешқайда кетпеу туралы қолхат берілді. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 116-бабы 1-бөлігіне сәйкес (адамның ағзалары мен тiндерiн алып қоюға мәжбүрлеу немесе заңсыз алып қою) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады ведомстводан.

Айта кету керек, елімізде адам органдарын сатуға тыйым салынады.

Серіктес жаңалықтары