×
441.58
480
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.58
480
4.86

"Заңға қайшы": астаналықтар жекеменшік мектеп құрылысына наразылық білдірді

01.08.2023, 08:16
видеодан кадр

Астана тұрғындары жекеменшік мектептің құрылысына шағымданды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Sat City тұрғын үй кешенінде тұратын азаматтар үйдің жанында жеке мектеп салынғалы жатқанын айтады, алайда бұл жерде бастапқыда мемлекеттік мектеп құрылысы жоспарланыпты.

"Астанада Sat City тұрғын үй кешені маңында жекеменшік мектеп заңсыз салынып жатыр. Халық мұнда мемлекеттік мектеп бой көтергенін қалайды", - дейді жергілікті тұрғындардың бірі.

Sat City тұрғын үй кешені сол жағалаудың тамаша ауданында, Хан-Шатыр СОО артында орналасқан.

Ulysmedia.kz редакциясы елорда әкімдігінен осы мәселеге қатысты түсініктеме беруді сұрады.

Айта кетсек, бұдан бұрын астаналықтар Президент саябағы аумағындағы көпір құрылысы экологиялық талаптарды бұза отырып салынып жатқанына, сондай-ақ, қала тұрғындары демалатын орында тұрғын үй кешені бой көтеретініне наразылық білдірген.

Серіктес жаңалықтары