×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Тағы да Bi Group: құрылысшы Рахымбаев пен шенеуніктер Астанадағы саябақты құрдымға жібермек

26.07.2023, 08:34
Коллаж: Ulysmedia.kz

Астанада сол жағалау тұрғындары мен жергілікті билік арасында дау-дамай толастар емес. Қала тұрғындары қала орталығында орналасқан президент саябағы экологиялық апаттың алдында тұрғанын елорда басшылығына жеткізуге тырысып жатыр. Бұл үшін астаналықтар құрылыс салушыларды, бейінді министрлік пен әкімдікті айыптады. Ulysmedia.kz тілшісі саябаққа барып, онда не болып жатқанын және тұрғындардың ашулануына не себеп болғанын біліп қайтты.

Bi Group, сыбайлас жемқорлық және Көлгінов

Қала тұрғындары президенттік саябақтың екі негізгі проблемасын атап өтті – бұл Тәуелсіздік бойымен жаңа көпір салынып жатқаны және жасыл аймақ шекарасында кезекті тұрғын үй кешенінің бой көтеретіні.

Тұрғындар көпірдің өзіне қарсы емес, алайда оларды Айдын Рахымбаевтың BI Group компаниясының жосықсыз іс-әрекеттеріне наразы. Олардың айтуынша, жұмысшылар құрылыс материалдарын саябақ жолдары мен көгалдарға орналастырған,олар иттермен серуендеуге арналған аймақтарды да басып алған.

Астаналықтар Bi Group-тың елордада ұйымдастырып отырған бейберекеттігі компания басшылығының бұрынғы әкім Алтай Көлгіновпен жақсы қарым-қатынасының нәтижесі деп есептейді, ал Bi Group өздерін саябақ иелері санайтындай.

- Bi Group кедей компания емес. Логистиканы реттеуге шамасы келер еді. Біз компания өкілдерін және әкімдік өкілдерін шақырдық. Біз олардың рұқсаты бар ма деп сұрадық. Олар 2020 жылы Көлгіновпен ауызша келісім жасасқандарын айтты. Мен де әр министрмен ауызша келіссем болатын шығар", - деп ашуланды әйелдердің бірі.

Саябақ аумағындағы көпірдің жанында тұрғын үй кешенін салу жоспарланғаны туралы ақпарат та алаңдатпай қоймайды. Бұл жоба қазірдің өзінде бас жоспарда бар, бірақ ашуланған қала тұрғындарының айтуынша, ол бас жоспарға тиісті рұқсатсыз және дәл сол Көлгіновтің басшылығымен болған үлкен сыбайлас жемқорлық жанжалымен енген.

- Бұл аймақ бастапқыда саябақ ретінде тізімделген. Содан кейін ол кәдімгі жер учаскесіне айналған және оны дәл Bi Group орналасқан заңды мекен-жайға тіркелген белгісіз компанияға сатып жіберген. Сығанақ 17Б, - деп бөлісті тұрғындар.

- Бұрынғы әкім Алтай Көлгінов саябақта орналасқан жер телімін тұрғын үй кешенін салуға берген. Bi Group өте дөрекі әрекет етеді, сөзімізге құлақ аспайды, пікірімізді ескермейді, олар біздің саябақтың аумағына үй салып тастағысы келеді.

Құрдымға кеткен экология

Есіл өзенінің жағдайына назар аудармау мүмкін емес. Өзеннің бір бөлігі көпірдің құрылысы салдарынан және екінші жағы LRT құрылысына байланысты бұғатталған.

Фотосуреттерден өзеннің батпаққа айналып бара жатқанын көруге болады. Тұрғындар барлық құрылыс қалдықтары суға төгіліп жатқанын айтады.

Саябақтың екінші жағында тағы бір көпір – "Арыс" орналасқан. Ол жақында боялған, бояу қалбырлары әлі де жақын сол маңда жатыр. Астаналықтар құрылысшылар бояудың қалдықтарын Есіл өзеніне ағызып жібергенін айтты. Кадрларда бұл көпірдің жанындағы судың түсі өзгеріп, батпақты жасыл түске айналғаны байқалады.

Саябақтағы жануарлардың өлексесі де еріксіз көзге түседі. Белгілі болғандай, әкімдік егеуқұйрықтарды улаған, бірақ олармен бірге кірпілер, қояндар мен үкілер де қырылыпты.

Сүлейменова, сіз неге жұмыс істемейсіз?

Жақын маңда тұратын астаналықтар экология министрлігіне бірнеше рет жүгінгендерін, алайда олардың шағымдарына ешкім құлақ түрмегенін айтты. Әкімдік те сынға ілікті.

Айта кетейік, саябақ министрліктер үйі мен Ақордадан таяқ тастам жерде орналасқан.

"Біздің саябақта құрылыс салдарынан жануарлар, құстар қырылып жатыр, ағаштар өліп, өзен ластануда. Біз экология министрлігінен көмек сұрадық. Ақордадан небәрі екі минуттық жерде тұрса да, кері байланыс болған емес. Тікелей эфир кезінде Зүлфия Болатқызына осы сұрақты қойдық, ол бұл мәселені әкімдік шешуі керек деп жауап берді.

Зүлфия Болатқызы, сіз бұл мәселенің экологиялық жағын көрмейсіз бе? Министр ретінде сіз бұл бірінші кезекте сіздің жұмысыңыз екенін түсінбейсіз бе? Неліктен сіз біздің сұрауларымызды елемейсіз, неге жұмыс істемейсіз? Біз сіздің жұмысыңызға риза емеспіз, біздің жұмысымызға қалай қарайтыныңызға көңіліміз толмайды", - деді тұрғындар.

Естеріңізге сала кетейік, сәуір айында "Городской романс" элиталық кварталының тұрғындары митингке шыққан. Олар үйлердің бір-біріне жабыстыра салынып жатқанына наразылық білдірді, алайда биліктен жауап болған жоқ.

Тек Президент әкімшілігіне шағымданғаннан кейін ғана экология министрлігінің өкілдері саябаққа баруға құлық танытты.

Әкімдік немқұрайлықтан танар емес

Ал Астана әкімдігі уәде етілген қоғамдық тыңдауды өткізген жоқ. Сонымен қатар, елорда әкімшілігінің қызметкерлері тұрғындардың өтініштері мен Президент әкімшілігінің тапсырмасына қарамастан саябаққа келген жоқ.

Жеңіс Қасымбектің әкімдігі Көлгіновтің "мұрасын" қалай тырмалайтыны әлі белгісіз. Ulysmedia.kz ведомствоға ресми сұрау жібереді және оқиғаның әрі қарай қалай өрбитінін бақылайтын болады.

Айта кетейік, BI Group компаниясы – Астанадағы негізгі құрылыс салушылардың бірі. Айдын Рахымбаев – ірі акционер, BI Group холдингінің Басқарма төрағасы. Forbes нұсқасы бойынша, ол Қазақстанның ең бай бизнесмендерінің тізімінде 12-ші орында. Оның байлығы 620 миллион долларға бағаланады. 2022 жылы BI Group әлемдегі ең ірі құрылыс компанияларының ENG Top-250 Global Constructors жыл сайынғы рейтингінде 194-ші орынға ие болды.

Бұған дейін Мемлекеттік кірістер комитеті BI Group компаниясының 16 ай ішінде миллиард теңгеге жуық салық төлеуден жалтарғанын жария еткен. Оның басшысы Айдын Рахымбаев компания өткен жылы ғана қазынаға 47 млрд теңге төлегенін айтып, бұл мәлімдемелерді жоққа шығаруды.

Серіктес жаңалықтары