×
443.72
482.28
4.9
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.72
482.28
4.9

Вакцина салдырмаған Бразилия президентін футбол көруге кіргізбей қойды

11.10.2021, 19:55
Фото: ашық дереккөз

Бразилия президенті Жаир Болсонаруға Сан-Паулу штатының жағалауындағы Перуйбе қаласына барған кезде маска кимей жүргені үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

iz.ru-дің мәліметінше, кейінірек COVID-19-ға қарсы вакцина салдырмағаны үшін Бразилия чемпионаты аясында өткен «Сантос» және «Гремио» арасындағы футбол матчын көруге рұқсат етілмеді.

Бразилия президенті сенбі күні қалада серуендеп, тұрғындармен суретке түскен. Серуендеу барысында ол маскасыз жүрген, сол себепті оған 500 доллар айыппұл салынды.

Ол вакцина салдырмағандықтан футболға кіргізілмей қалғаны үшін таң қалып, өз боындағы антидене вакцина салдырғандарға қарағанда көп екенін айтқан.

Серіктес жаңалықтары