×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

Шүменовтің шулы төбелесі: боксшыны босатып жіберген полицейлер қызметінен қуылды

01.08.2023, 15:49
Коллаж: Ulysmedia.kz

Боксшы Бейбіт Шүменовтің ісіне қатысы бар полицейлер жазаланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Астана қалалық полиция департаменті мәлім етті.

Жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша Есіл ауданының ЖБББ учаскелік полиция инспекторы атқаратын қызметінен босатылды.

"Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің кезекшісі және полицияның аға учаскелік инспекторы қызметтік талаптарды толық орындамағаны туралы ескерту алды. Есіл ауданы полиция басқармасы басшысының орынбасары қызметінен босатылды, ал аудандық басқарманың басшысына сөгіс жарияланды", - делінген хабарламада.

Еске салайық, 11 шілдеде әлемнің экс-чемпионы Бейбіт Шүменовтің сауда орталығында балалы ер адамды соққыға жыққаны туралы ақпарат тарады. 12 шілдеде ақпарат ресми түрде расталды

"Иә, растаймыз, тергеу басталды. Іс "Бұзақылық” бабы бойынша қозғалды. Қылмыстың ауырлық деңгейін сараптама көрсетеді", - деп жауап берді ішкі істер министрінің орынбасары Қайрат Сүнтаев.

Басы дауға қалған боксшы бұдан бұрын төбелеске қатысты өз нұсқасын айтқан болатын. Оның айтуынша, ол баласын қорғау мақсатында жәбірленушіге жұдырық сілтеген.

Бұдан бұрын соққыға жығылған ер адамның Қырғызстан азаматы екені белгілі болды.

Көп ұзамай Қырғызстанның Сыртқы істер министрлігі Астанада соққыға жығылған қырғызстандыққа қатысты істі бақылауға алғандарын мәлімдеді. Қазір боксшы іздеуде жүр.

 

Серіктес жаңалықтары