×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Алматы облысында 1,3 млрд теңгенің темекісі астыртын сатылмақ болған

02.08.2023, 08:42
фото: ашық дереккөзден

Алматы облысында акциздік төлемсіз астыртын сатуға арналған 2 млн-нан аса шетелдік темекі қораптары сақталған қойма анықталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, тергеп-тексеру барысында темекі өнімдерінің құны 1,3 млрд теңгені, ал төленбеген акциз соммасы 580 млн теңгені құрайтыны анықталды.

“Қылмыстық іс сотқа жолданып, темекі өнімдері ел аумағында сатуға жарамсыз болғандығына байланысты (техникалық талаптарға сәйкес келмеуі) жойылды. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды”, – делінген хабарламада.

Еске салайық, бұдан бұрын Жетісу облысында заңсыз тасымалданған 10 мың қорап темекі тәркіленген еді.

Серіктес жаңалықтары