×
484.19
524.28
5.03
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
484.19
524.28
5.03

Талдықорғанда 4 жасар бала бассейнге батып кетті

02.08.2023, 09:41
Талдықорғанда 4 жасар бала бассейнге батып кетті
фото: ашық дереккөзден

Төрт жасар бала Талдықорған қаласындағы отбасылық демалыс орталығының бассейніне батып кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"2023 жылдың 1 тамызында Талдықорған қаласының жедел жәрдем пультіне Талдықорғанның отбасылық демалыс орталықтарының бірінің бассейнінде баланың суға батып кеткені туралы шақыру келіп түсті. Шақыру орнына келгеннен кейін, ересектердің қарауынсыз қалған 2019 жылы туған бала бассейнге құлап, суға батып кеткені анықталды. Жедел жәрдем бригадасы алғашқы медициналық көмек көрсетті, бірақ, өкінішке қарай, баланы құтқару мүмкін болмады", - делінген сәрсенбідегі хабарламада.

ТЖД мәліметтері бойынша, қазіргі уақытта тергеу шараларын Талдықорған полиция басқармасының қызметкерлері жүргізуде.

Айта кетейік, бұдан бұрын Шымкентте 10 жасар бала әкімдік маңындағы субұрқаққа батып кеткен.